«АСС стройснаб» ЖШС-нің аумағында ішінде көлік шиналары мен азық-түлік (қант) болған бөлек тұрған қоймада өрт болды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт сағат 03:42-де ауыздықталып, 08:17-де сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 50 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. Өрт шамамен 4 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.