Алматыда «Көлік техникасы құрылымдарын және пайдалану жүйелерін жетілдіру» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында Халықаралық көлік академиясының академигі, профессор Рахымжан Абылқасымұлы Қабашевтің 70 жылдығына арналған «Көлік техникасы құрылымдарын және пайдалану жүйелерін жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық конференция өз жұмысын бастады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университет ректоры А.К. Ботабеков өзінің құттықтау сөзінде академияның жеткен жетістіктері мен атқарылып жатқан істерге және профессор Р. Қабашевтың   еңбектеріне тоқталып өтті.

Конференция барысында Р.Қабашевтың ғылыми бағыттары - көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол, тау-кен машиналарының техникалық деңгейін анықтау және олардың параметрлеріне болжам жасау мәлеселері қамтылмақ.

Сондай-ақ мәслихатта еліміздің және Қырғызстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындарының профессорлары мен ректорлары баяндамалар жасады.