АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.
«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.