Алматыда көлік ұрысын ұстауға куәгерлер көмектесті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының тәртіп сақшылары көлік ұрысын куәгерлердің көмегімен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 01:45-тер шамасында «Қазақфильм»шағын ауданында тұратын Ч. атты тұрғын ауласында өзінің достарымен біргесеруендеп жүрген. Бір кезде ол қандай да бір заттың сынған даусын естіп,бұрылғанда «ToyotaCamry 70» маркілі көлігінің жанында тұрған ер адамды көреді.

«Бір төтенше жағдайдың болғанынтүсінген тұрғын жанындағы достарымен көліктің жанына барғанда оның айнасыныңжоқ екенін көрген. Сол кезде ол айналасына білдірместен жылдам кетіп баражатқан адамды көріп, оны тоқтатпақ болып, айқай салады. Күдікті өзіне қаратаайтылған дауыстан соң бірден қаша жөнелген. Алаңда жүрген жігіттер оны артынанқуып, жете алмай қалады. Алайда олар полицияға хабар беріп, ұрының бет-әлпетінсуреттеп берді. Бірнеше сағаттан соң жедел уәкілдер ұрыны ұстап, ол басқармаға жеткізілді»,-дедіБостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Ұсталған 22 жастағы З-ға қатысты ҚР ҚК 188 бабыбойынша сотқа дейінгі іс тіркелді. Оны ұстағанда заттай айғақ, яғни көліктіңайнасы табылды. Ұсталған адам өзінің кінәсін толық мойындады.


Авторы: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар