Жүргізушінің сағатына 200 шақырымнан асатын жылдамдықпен көлікті жүргізіп жүргізіп бара жатқан видеосы желіге тарады
Алматы полициясы әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында «Lamborghini Urus» маркалы автокөліктің жүргізушісі жол ережесін бұзғанын анықтады.
«Құқық бұзушы А. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, онымен алдағы уақытта жол ережелерін бұзудың алдын алу жөнінде заңгерлік түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.