Аталған мәселе бойынша ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында жауап берді.
Ведомство мәліметінше, кешегі жаңбырдан соң «Газпромнефть» автожанармай құю станциясының бензин сақтайтын резервуарына су аққан. Бұдан кейін шамамен 10 автокөлікке су қосылған бензин құйылған.
«Қазіргі уақытта су қосылған бензин құйылған 7 автокөлік иесі мен видео авторының залалы өтелді. Сонымен қатар жанармай құю станциясын пайдалану бөлімі аталған оқиғаға тексеріс жүргізуде», - деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.