АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның қасында болған 33 жастағы адамды ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында «Тойота» автокөлігінің ішінен табылды.
«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б.есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.