деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге 1000-нан аса бұйымдар қойылады. Оның ішінде еліміздің және Орталық Азия халықтарының қолданбалы өнері мен зергерлік бұйымдарының ескі, дәстүрлі және антикварлы заттарының үлгілері: сырғалар, сақиналар, ерлер мен әйелдердің белдіктері, тұрмыстық заттар, қол диірмендер, ошақтар, бесіктер, сырмақтар, кесте өнерінің үлгілері, сандықтар, ыдыстар, ат әбзелдері, сондай-ақ қазақтың киіз үйлері бар.
«Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын қазақтардың халықтық-қолданбалы өнері ретінде сақтау менің Қытайда жүрген кезімдегі арманым еді. Сол мақсатқа жетуде мен 2001 жылы «Әдемі-ай» өнер үйін, ал бар құндылықтарымызды жұртшылыққа кеңінен насихаттау үшін 2007 жылы «Әдемі-ай» деп аталатын этнографиялық, мәдени-танымдық журнал аштым. Бұл көрмені жиған коллекциямды көрсету мақсатында ұйымдастырғалы отырмын», дейді Баһаргүл Төлегенқызы.
Б. Төлегенқызы Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1994 жылы тарихи Отаны - Қазақстанға көшіп келген болатын. Оған 2009 жылы «ҚР-на еңбегі сіңген мәдениет қайраткері» атағы берілді. Ал, 2010 жылы «Қазақстан әйелі-2010» жобасының жеңімпазы атанды.
Көрме мамырдың 21-не дейін жалғасады.