Алматыда коллоидттық химия мен нанотехнологиялардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техногиялық университетінде қыркүйектің 20-21-і күндері «Индустриядағы коллоидтар мен нанотехнологиялар» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Мұндай халықаралық форум елімізде тұңғыш рет өткелі отыр. Конференцияда Германияның, Нидерландының, Италияның, Польшаның, Португалияның, Швецияның және басқа да елдердің белгілі ғалымдары қатысады. Отандық ғылымды бұл басқосуда Қазақстан экономикасының түрлі салаларына жоғары деңгейлі мамандар даярлаумен келе жатқан ҚазҰТУ-дің ғалымдары мен басқа да елімізге танымал ғалымдар таныстыратын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткізілгелі отырған жиын кез келген елдің ең маңызды мәселелерінің біріне арналған. Себебі, ғылымдағы нанотехнологияның дамуы - бұл әрбір елдің инновациясының даму деңгейін көрсетеді. Сонымен бірге, ел экономикасының сапалы өсуі мен қарқынды дамуына үлкен серпін береді.

Екі күндік басқосу барысында қатысушылар коллоидтық химия мен нанотехнология саласындағы жетістіктерімен алмасады. Сондай-ақ, білім және ғылым саласындағы халықаралық әріптестіктерді артыру жолдарын қарастыратын болады.