Кеште оның әндері орындалып, өлеңдері оқылды.
Бүгінде Юлий Кимнің әндері 50-ден аса фильмдер мен 40-тан аса қойылымдарда орындалуда. Оның әндерін біздің сүйікті фильмдерге айналған көркем және мультипликациялық туындылардан естуге болады. Юлий Кимнің туындыларын халыққа кеңінен танымал «12 орындық», «Қызыл телпек», «Бумбараш», «Бес кешкілік», «Махаббат формуласы» және тағы да басқа көптеген көркем фильмдерінен естуге болады.
Ақынның таңдаулы деген сценариі бойынша екі картина түсірілді, ал оның драмалық шығармалары бойынша қойылған спектакльдер Ресей елінің барлық аумағында үлкен жетістікпен көрсетілуде. Ол сонымен қатар, аудармамен де айналысады. Көпшілік оның "Париж Құдайана соборы" атты барлық орыс нұсқасындағы мюзиклдің аудармашысы екендігін біле бермейді.
"Біз оның әндерімен өстік, біздің балаларымыз да оның әндерімен тәрбиеленуде. Юлий Кимнің әндері нағыз "тірі классика",- деп атап өтілді кеш барысында.