Алматыда «Комсомольская правда» мен «Известия басылымдарының күзетшілеріне шабуыл жасаған азамат ұсталды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Алматылық тәртіп сақшылары 2006 жылы «Комсомольская правда» және «Известия басылымдарының күзетшілеріне шабуыл жасап,

ірі көлемдегі қаржыны жымқырған 36 жасар азаматты ұстады»,- деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында мәлім болғанындай, ұсталған азамат өзінің сыбайластарымен алдын ала келісіп, екі күзетшіні ұрып-соғып, байлап тастаған соң 6 милллион теңге салынған екі сейфті алып кеткен. Қазіргі таңда аталған азамат уақытша ұстау оқшаулағышына жабылып, оның сыбайласын іздеу жұмыстары жүргізілуде.