Алматыда қонақүй ғимараты өрт құшағына оранды

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Әуезов ауданында «Таңшолпан» қонақүйінің ғимараты өртенді,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Құтқарушылардың ақпаратына қарағанда, тілсіз жау мамырдың 17-сі күні сағат 15:52-де 5 қабатты нысанның 4-ші қабатындағы нөмірлердің бірінен шыққан. Өрт 50 шаршы метрді қамтыған.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», деп атап өткен ведомство баспасөз қызметі.

Жалын тілі ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 22 маманы және 6 техникасының күшімен ауыздықталды.