Алматыда қонақүйден өрт шықты

АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда Әуезов ауданында орналасқан 'Салем' қонақ үйінің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Төтенше жағдай туралы хабар қалалық ТЖД кезекші пультіне 18:55-те түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 9 минутта жеткен.

  

Белгілі болғандай, Момышұлы, 14 «б» мекенжайында орналасқан 3 қабатты ғимараттың мансард қабаты өртенген.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 19:15-те ауыздықтады. Төтенше жағдайдан ешкім  зардап шеккен жоқ.