деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәдениет министрлігі, Қазақстан КВН одағы және «Есаға» шығармашылық бірлестігі бірігіп ұйымдастырған ширек финалға 28 команда қатысты. Екі күнге созылған бұл сайыста олардың 14-і жарыстың келесі кезеңіне өтті. Оның ішінде Алматыдан Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының - «Нар тәуекел», Қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының - «Заңғар», Астананың «Теміржол тарландары», Тараздың - «Тараз-2000», Арыстың - «Арыс», Шымкенттің «Барыс» және Түркістандағы Қазақ-түрік университетінің құрамасы бар. Республикалық Премьер-лига командаларының жартылай финалында бақ сынайтындардың қатарына енді маусым айында Астанада өтетін сайыста тағы 2 команда қосылатын болады.