Түрксіб ауданының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарысқа аппарат қызметкерлерімен қатар, "Қазқұрылысәйнек", «Алматықалақұрылыс», «Алматы вагон жөндеу зауыты», «Халықаралық Алматы әуежайы», Салық комитеті, сот және Халыққа қызмет көрсету орталығы сынды мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен және өнеркәсіптік ұжымдардан тұратын 10 команда қатысуда.
Ойын соңында жарыс қорытындысы және "Ең үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы" аталымдары бойынша, бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтеді.