Алматыда көпбалалы аналарға медициналық маска таратылды
Пандемия кезінде азаматтарға қолдау көрсету аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы қаланың «Бақытты отбасы» 8 аудандық орталықтарына көпбалалы аналарға арнап 16 мың медициналық маска таратты.
Қорғаныс құралдарын қала бойынша «Бақытты отбасы» орталығының үш жүз қызметкері алды.
«Акция халыққа карантин аяқталмағанын және қауіпсіздік шараларын сақтану керектігін жеткізеді. Сақтық шараларын ұстанбау сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Мамандардың кеңестеріне жүгініп, өздеріңізді сақтау керектегін естеріңізге саламыз», - деді партия мүшесі Мәди Ахметов.
Естеріңізге салсақ, пандемия кезінде партия мүшелері аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қайырымдылық ұйымдарына көмек көрсетті. Сонымен қатар, олар тегін ыстық тамақ, медициналық бұйымдар, дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдарымен қолдау көрсетуде.
Айта кетейік, акция барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізілді.