Алматыда көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасыларға тігін машинасы табысталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық көп балалы аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға тігін машинасы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көп балалыалматылық аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 35 данатігін жабдықтары табысталды. Енді олар алты айлық тігу курсын бастайды. Әлеуметтік жоба Алматыәкімдігінің,

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ, «Даму» қоры және «Шырақ»мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының қолдауымен жыл сайынғы «Global onevolunteer festival 2019» еріктілер фестивалі аясында өтеді.

Сондай-ақ, фестивальға орай «Нейропсихиатриялық ауруларыбар мүгедек балаларға күндізгі күтім орталығы» тәрбиеленушілеріне жаңа тігінмашиналары табысталды. Мұндамүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кесу және тігу курстары бар. Осылайша, олар мамандық алуға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар