АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында қоқыс салатын жәшік өртеніп, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 12-сі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтемемен.
«2 қыркүйек күні 18:25-те Медеу ауданында орналасқан 12 қабатты «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің астыңғы қабатында 10 шаршы метр аумақты құрайтын ағаш жәшік (қоқ салатын) өртеніп, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-і - бала. Тілсіз жау 18:50-де ауыздықталып, 19:10-да толықтай сөндірілді. Жапа шеккендер жоқ» делінген хабарламада.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.