Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, сәуірдің 10-ы күні таңертеңгі сағат 7 жарымда Бостандық ауданы Масаншы көшесі, 98 «Б» үйіндегі энергиямен қамту шахтасында және энергияны тарату қалқандарында электр кабельдерінің жануы болып, өрт жер астындағы автотұрақтан бастап үйдің жоғары 14-ші қабатына дейін тараған. Оның жалпы аумағы 65 шаршы метрді құрады. Үйден 48 адам дереу қауіпсіз жерге көшірілді.
Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тілсіз жау ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 72 адамы мен 13 техникасының күшімен 1 жарым сағаттан кейін ауыздықталды.