Алматыда көпқабатты үй өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанып жатқан үйдің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.



«Бүгін, 10 қыркүйек күні кешкі сағат 17:48 минутта өрт сөндіру есептері Алмалы ауданы Розыбакиев көшесі, 45 мекенжайы бойынша шақыртуға жіберілді. Көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабаттағы пәтері мен балконы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Қызыл жалын 7-ші қабаттың балконын шарпып үлгерген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер 22 минуттың ішінде жалынды оқшаулап, тағы 10 минуттан кейін толықтай сөндірді»,– деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 19 адам мен 5 техника, соның ішінде өрт баспалдағы жұмылдырылды.

Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға себебі анықталып жатыр.