Алматыда көпқабатты үйде болған өрт салдарынан 5 адам зардап шекті
10:42, 07 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат - Алматыда «Жетісу-3» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт салдарынан екі ер азамат пен үш әйел иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның ақпараты бойынша, қаңтардың 6-сы күні үйдің бірінші қабатында өрт шыққан, оған сол жерге жиналып қалған қоқыстардың тұтануы себеп болған. Құтқарушылар 20 адамды көшірді, Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші қызметінің күшімен тілсіз жау ауыздықталды.