Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 22 тамыз күні кешкі сағат 21:20 кезінде «101» пультіне Төле би көшесіндегі 15 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.
«Өрт сөндірушілер Алмалы ауданының Төле би көшесіндегі 273/6-үйге жіберілді. Келген сәтте 15 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатының балконында өрт шыққанын анықтады. 2 шаршы метр аумақта үй заттары жанған. Өрт сөндіру техникасының өтуіне тұрғындардың жеке көліктерін тығыз қойғаны кедергі келтірді. Уақытты жоғалтпай жағдайды бағалап, өрт сөндірушілер 5 қабатқа үш иінді сондай-ақ «шабуыл» өрт сатыларын қолдана отырып, жоғарғы қабаттарға көтеріліп, өрті 3 минут ішінде ауыздықтап үлгерді. Өрт толығымен 21.36 минутта сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді»,- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
ТЖД алматылықтардан көліктерін қойып шұғыл қызметтердің өтер жолын бөгемеуді сұрайды.