Алматыда көпқабатты үйдің лифт шахтасынан шыққан өрт сөндірілді
19:06, 01 Тамыз 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.
Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.
Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.