Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінде өрт болды, 80 жастағы кейуана қаза тапты

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінде болған  өрт 80 жастағы кейуананың өмірін қиып кетті,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

  Сейсенбі, 24 қаңтар күні Алматының Медеу ауданындағы Шашкин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер жана бастады. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Оны сөндіру кезінде 1932 жылы туған зейнеткер әйелдің мәйіті табылған. Өртті жоюға ҚР ТЖМ Алматы қаласындағы ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.