Алматыда көпқабатты үйдің шатырындағы өртті 40 адам жабылып сөндірді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Арбаттың бойында орналасқан көпқабатты үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жібек Жолы көшесі, 103 мекенжайында кешкі сағат 19.02 шамасында көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақыру дәрежесі бойынша жіберілді. Алғашқы келген бөлімше бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жанғанын анықтады. Желдің салдарынан өрттің таралу қаупі туындады»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Тұрғындарды дереу эвакуациялау жұмысы басталып, бір уақытта өрт оқпандарын шатырды қорғауға енгізіліп, автосаты қойылды.

Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 13 техника жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың көмегімен өрт 19 минут ішінде ауыздықталып, 19.40 кезінде толық сөндірілді.




Соңғы жаңалықтар