Алматыда көпқабатты үйдің жертөлесі өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов ауданына қарасты Тепличный көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің жертөлесіндегі дүкен өртенді. Бұл туралы 16:33-де «101» қызметіне хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарламадан кейін 3 минут өткен соң өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Анық болғандай, 9 этажды тұрғын үйдің жер төлесінде орналасқан бос тұрған дүкеннен өрт шыққан.

Өрт жарты сағаттың ішінде, яғни сағат 16:54-де сөндірілді. Жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.
   

Арайлым Жолдасбаева