ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт Жетісу ауданы Борзовая көшесіндегі 4 пәтерлі тұрғын үйде 13 қазан күні таңертеңгі сағат жеті жарым шамасында шықты. Оқиға орнына дереу жеткен ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жиырма адамы мен төрт техникасы тілсіз жаудың ошағын 43 минутта жойып, тағы 2 сағаттан кейін толығымен ауыздықтады.
Жалынның шарпыған жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт барысында түрлі жарақаттар алған 31 және 27 жастағы азаматтар мен 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді.