АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала аумағын көгалдандыру жобасы жүзеге асуда. Жобаға сәйкес көпжылдық өсімдіктер үлесін 17%-дан 60%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әкімдіктен хабарлағандай, биыл қалада көпжылдық өсімдіктердің жалпы көлемі 50%-дан асты, яғни, 74,3 шаршы метрді құрады (раушан – 40 600, эхинацея - 7 200, лилейник – 4 000, лаванда – 7 500, шалфей – 3 600, мискантус – 5 200, гортензия – 3 500 және т.б).
Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер негізінен сәуір-мамыр айларында отырғызылады. Оларды күтіп-баптау жұмыстары маусым қыркүйек аралығында, ал гүлзарларды жинап, жуаларды отырғызу қазан айында жүргізіледі.
«Биыл жалпы көлемі 159 мың шаршы метр жер гүлмен безендіріліп, 26 мың шаршы метр жерге газон егілді»,- деп хабарлады әкімдікте
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.