Алматыда Корей музыкасы поп-индустриясының тыңдармандары үшін тұңғыш рет «Korean music party» кеші өтеді
Қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда шоу-бизнес қарышты дамып, Азия кеңісітігінен шығып, күллі Еуропаны жаулай бастады. Оған мамыр айында кәріс танымал музыкасының Париждегі концерті айғақ бола алады. Ал өткен жылы Big Bang тобы жылсайынғы «MTV Europe Music Awards» музыкалық жүлдесінде «Үздік әлемдік орындаушы» аталымы бойынша жеңімпаз атанған еді. Онда Еуропадан «Еуровидениенің» 2 дүркін қатысушысы болған Лена Майер-Ландрут, Африкадан Абдельфатах Грини, Азиядан «Big Bang» квинтеті, Латын Америкасынан «Restart» тобы, Солтүстік Америкадан Бритни Спирс ұсынылған болатын.
Енді Алматыда К-рор тыңдармандары Кореяның музыкалық сайттарындағы ең танымал туындылардың орындаушыларын өз көзімен көріп, оларды тыңдай алады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда да жыл өткен сайын Корей музыкасының тыңдармандарының қатары толығып келе жатыр. Мәселен Vkontakte.ru әлеуметтік желісінде ғана 20 мыңнан астам қазақстандық қазіргі заманғы корей музыкасына арналған түрлі топтарда тіркеулі тұр екен.