Социалистiк Еңбек Ерi Қасым Әбуұлы Асановқа арналған мемориалдық тақта ашылды.
Ғалымның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ашылған ескерткіш тақта оның соңғы жылдары тұрған үйіне қойылды. Тақтаның ашылу салтанатына ғалымның туған-туыстары мен шәкірттері, қала әкімдігінің өкілдері, ҰҒА -ның ғалымдары қатысты.
Қ. Асанов - мал шаруашылығы ғылымдары мектебінің негізін қалаушы, 150-ден астам ғылыми еңбектер мен мал шаруашылығының маңызды мәселелеріне арналған 9 монографияның авторы. Ғалым қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген «Қазақстандағы мал шаруашылығы» атты тұңғыш оқулықтың авторы. Ол сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында ғалымдарды, мамандарды дайындауға теңдессіз үлес қосқан тұлға. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі нәтижесінде Қ.Асанов «Ленин», «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.