Конференция жұмысы барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен оның әлеуметтік мәртебесі; лингвистика дамуындағы қазіргі кезеңдегі басымдықтар; тіларалық қарым-қатынас: түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеулері; әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы; тарихи грамматика және қазіргі түркі тілдері; мәтіннің тілдік аспектісі және мәдениет деңгейі; студенттердің тілдік дайындығындағы инновациялар; көркем аударма және әдебиеттану поэтикасының мәселелері сынды тақырыптар көтеріліп, талқыланатын болады.
Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеттерінің оқытушы-профессорлық құрамы, ғалымдар, тіл мамандары және студенттер қатысуда.
Пленарлық мәжілістен соң Мархабат Томанов атындағы аудиторияның ашылу рәсімі өтеді.