Алматыда көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гирштің «Отты жылдардағы Сталинград» кітабының тұсаукесері өтеді

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - 11 ақпанда Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Гирштің Сталинград шайқасының 70 жылдығына арналған «Огненный Сталинград» кітабының тұсаукесері өтеді.

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.

Леонид Гирш Сталинград шайқасының қатысушысы, бес орденнің және 35 медальдің иегері, соғыс кезеңі туралы көптеген еңбектердің авторы. Кітап Сталинград шайқасына қатысқан ерлер естеліктерінің, сталинградтық жауынгерлер туралы құжаттар мен очерктердің, қазақстандық және ресейлік ақындар өлеңдерінің, майдан хаттарының негізінде жазылған.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер басшылары, жастар өкілдері және РФ-ның Алматы қаласындағы дипломатиялық өкілдігінің мүшелері шақырылған.