«Ахуал салыстырмалы түрде алғанда қазір тұрақты. Ауру жағдайлары кезең кезеңімен артып келеді. Айдың басымен салыстырғанда ол кезде күніне 3-5 жағдай тіркелетін, қазір күніне 15-20 адам тіркеледі», - деді брифинг барысында Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, тәуліктік өсім 0,1%, репродуктивті сан R, яғни таралу индексі – 1,88. Бұл көрсеткіштерді былай түсінуге болады: R>1 – эпидемия өсіп келеді, R=1– эпидемия бұрынғыдай, R<1 – эпидемия төмендеп келеді.
Алматыда COVID-19 тіркелгелі бері 14 622 жағдай лабораториялық жолмен расталды. Оның 8 791-і симптомды, 5 871-і симптомсыз болып отыр. 1 тамыздан бастап (коронавирус пневмониясы есебі енгізілген кез) 998 коронавирус пневмониясы тіркелген.