Оның айтуынша қалада вакциналардың екі компоненті де жеткілікті мөлшерде бар.
«Коронавирусқа қарсы вакциналар жеткілікті. Атап айтар болсам, «Спутник V» – 31 380, QazVac – 81 838 доза, Sinofarm vero cell – 228479, Pfizer (Comirnаty) – 270 879 доза. Екі компоненті қосқанда барлығы 612 576 доза бар», - деді спикер.
Сонымен қатар, ол бүгінгі күнге дейін қанша адам ревакцинациядан өткенін айтты.
«Ревакцинациядан 61 070 алматылық өтті. Оның 25,6% 40-49 жас аралығындағылар, 23% 30-39 жастағылар, 20-29 жас 20%»,- деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов.
Спикердің сөзінше, Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 59 пайызға жетті.
13:33, 29 Желтоқсан 2021
Алматыда коронавирус вакцинасы жеткілікті - Сәдуақас Байғабылов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.