Алматыда коронавирус жұқтырған 106 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 443 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1549 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 176, келіп түскені – 107

«Инфекциялық стационарларда 1 443 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 106 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 96 адам жатыр.

Ал 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 31 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 832 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 187 науқас.

Симптомсыз 645 науқас бар.