19 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 506 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 480, симптомсыз – 26 науқас тіркелді.Барлық емделіп шыққандар – 65, келіп түскені – 162.
«Инфекциялық стационарларда 2 775 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 109 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 266 адам жатыр.
Ал 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 116 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5718 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5 572 науқас. 146 адамда коронавирус белгілері жоқ.