Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 657 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 547-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 110-ы симптомсыз ауырған.
«Қазір 7 мың төсек-орынның 6 060 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3712 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 112-і бала. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 235, жағдайы ауыр – 767 адам бар. 2945 науқастың жағдайы орташа ауыр. ӨЖЖ аппаратында – 32, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 84, High flow қолданыста – 84 аппарат бар», -деп хабарлады басқармадан.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 130 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 266, симптомсыз – 864 адам.