Алматыда коронавирус жұқтырған 114 адам жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 554 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1146 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 33, келіп түскені – 97.

«Инфекция стационарларында 1 554 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 110 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 114 адам жатыр.

Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 38 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8553 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 8 016 науқас.

Симптомсыз 537 науқас бар.