24 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 231 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 219, симптомсыз – 12 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 18, келіп түскені – 63.
«Инфекциялық стационарларда 1 205 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 33 бала емделуде», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 119 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 653 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2562 науқас. 91 адамда коронавирус белгілері жоқ.