Алматыда коронавирус жұқтырған 125 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 5095 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 259 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1207, симптомсыз – 52 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 846 , келіп түскені – 425.

«Инфекциялық стационарларда 5 095 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 125 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 414 адам жатыр.

Ал 69 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 174 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 182 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 307 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда –9 950 науқас. 357 адамда коронавирус белгілері жоқ.