14 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 850 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 778, симптомсыз – 72 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 109, келіп түскені – 335.
«Инфекциялық стационарларда 2 164 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5200 ), оның ішінде 182 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 131 адам жатыр. Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 47 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 43 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 925 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда - 3559 науқас. 366 адамда коронавирус белгілері жоқ.