Алматыда коронавирус жұқтырған 142 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 5551 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 309 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1241, симптомсыз – 68 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 444 , келіп түскені – 378.

«Инфекциялық стационарларда 5 551 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 142 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 426 адам жатыр.

Ал 69 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 197 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 201 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 11 157 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 10 759 науқас. 398 адамда коронавирус белгілері жоқ.