11 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 146 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 136, симптомсыз – 10 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 89, келіп түскені – 81
«Инфекциялық стационарларда 792 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 20 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 81 адам жатыр.
Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 44 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1418 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1345 науқас. 73 адамда коронавирус белгілері жоқ.