Алматыда коронавирус жұқтырған 21 бала емделіп жатыр
24 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 119 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 115, симптомсыз – 4 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 45, келіп түскені – 48
«Инфекциялық стационарларда 451 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1434), оның ішінде 21 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 48 адам жатыр.
Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 30 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 943 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 904 науқас. 39 адамда коронавирус белгілері жоқ.