20 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 415 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 387, симптомсыз – 28 науқас тіркелді.Барлық емделіп шыққандар – 481, келіп түскені – 189.
«Инфекциялық стационарларда 2 431 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 106 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 241 адам жатыр.
Ал 48 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 115 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 76 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5353 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5 103 науқас. 139 адамда коронавирус белгілері жоқ.