26 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 41 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 3 , келіп түскені – 5.
«Инфекциялық стационарларда 132 адам бар. (Төсек-орын 894) Оның ішінде 7 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 27 адам жатыр.
Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 8 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 292 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 270 науқас.
22 адамда коронавирус белгілері жоқ.