13 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 611 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 576, симптомсыз – 35 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 570, келіп түскені – 287.
«Инфекциялық стационарларда 3 078 адам емделіп жатыр (төсек-орынның жалпы саны –5 230), оның ішінде 91 бала бар», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 287 адам жатыр. Ал 49 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 112 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 106 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 628 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 439 науқас. 189 адамда коронавирус белгісі жоқ.13:22, 14 Қыркүйек 2021
Алматыда коронавирус жұқтырған 287 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3078 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.