Алматыда коронавирус жұқтырған 3,7 мың адам ауруханада жатыр
27 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 689 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 591, симптомсыз – 98 науқас тіркелді.
«Инфекциялық стационарларда 3747 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 91 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 246 адам жатыр. Ал 40 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 91 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5733 пациент бар. Оның ішінде 5076 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 657 адамда коронавирус белгілері жоқ.