«Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 610 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 529-ы симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 81-і симптомсыз ауырған»,- деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Қазір 7 мың төсек-орынның 6 100 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 872 науқас ем қабылдап жатыр. Келіп түскен науқастар саны – 260, емделіп шығарылғандар саны – 69 адам.
Айта кетейік, Алматыда өткен тәулікте 6140 адамға коронавирусқа қарсы екпе салынды.