22 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 615 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1541, симптомсыз – 74 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 263, келіп түскені – 478.
«Инфекциялық стационарларда 6 602 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 199 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 464 адам жатыр. Ал 31 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 203 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 207 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 14 295 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 13 762 науқас. 533 адамда коронавирус белгілері жоқ.